Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Еркін Ғаббасовты күміс медальмен құттықтады

Спорт
view 205
news

Фотосурет Ақмола облысының әкімдінінен

«Еркін Ғаббасовты құрметті және көптен күткен марапатымен - Париждегі Паралимпиада ойындарының күміс медалімен құттықтаймын! Бұл сіздің табандылығыңыздың, белсенді өмірлік ұстанымыңыздың және еңбекқорлығыңыздың айқын дәлелі. Ақмолалықтар сізді мақтан тұтады.

Жаңа жарыстарда одан да биік жеңістер тілеймін», - деп жазылған құттықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, Еркін Ғаббасовтың күмісі ұлттық құраманың Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медалі болды. Спортшы 10 метр қашықтыққа пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша Паралимпиада финалында өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *