Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемипонаты өтеді

Спорт
view 461
news

9-14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен  36-шы Азия чемипонаты өтеді. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлім етті. «9-14 сәуір аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында күрес түрлерінен осымен 36-шы Азия чемпионаты өтпек. Бұл жарысқа Азия құрлығының 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Олимпиада ойындарының 7 жүлдегері, Әлем чемипионаттарының 5 жеңімпазы қатысады. Сондықтан, дүбірлі дода болайын деп тұр. Негізі бұл – Азия чемпионаты, лицензиялық турнир емес. Бірақ, Азия ойындарының алдындағы, Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі болып есептеледі», деді комитет өкілі брифинг барысында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *