Қосшы қаласы әкімінің кубогын «Токио» клубы жеңіп алды

Спорт
view 480
news

Сәуірдің 2 күні Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінде 2010-2011, 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Қосшы қаласы әкімінің кубогына арналған ашық турнир өтті.

Жарысқа 7 спорт клубтан 150-ге жуық жас дзюдошылар қатысты. Жарыс нәтижелері: 1 орын – «Токио» СК (Қосшы қ.) 11 алтын, 10 күміс, 20 қола 2 орын – «Балуан» СК (Қосшы қ.) 5 алтын, 3 күміс, 10 қола 3 орын – «Олимп» СК (Астана қ.) 3 алтын, 3 күміс, 6 қола 4 орын – «Жастар» СК (Астана қ.) 2 алтын, 2 күміс, 4 қола 5 орын – «Зейн» СК (Қосшы қ.) 2 алтын, 2 күміс, 3 қола 6 орын – «Арлан» СК (Қосшы қ.) 1 алтын, 3 күміс, 3 қола 7 орын – «Батыр бала» СК (Астана қ.) 1 алтын, 2 күміс, 4 қола Бас жүлдені қанжығалаған Қосшы қаласының белді спорт клубтарының бірі «Токио» құрамасы. Миас Рахманов, Аман Арынов бастаған бапкерлердің жаттықтыруымен оқушылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. 2022 жылы желтоқсанда Теміртау қаласында өткен республикалық Турнирда «Токио» клубының оқушысы Әбдіғаппар Айбар Қосшы қаласының абыройын тіктеп, екінші орынмен марапатталып қайтты. 2023 жылы қаңтарда Тобыл қаласында өткен республикалық байқауда да Ермахан Дінмұхамед үшінші орынды иеленсе, Асылбек Алинұр, Әбдіғаппар Айбар бастаған Қосшы қаласының үкілеген үміттері әр салмақтағы 35-40 баладан оза шауып бесінші орынды қанжығаға байлады. Еңбегін ақтап, әр өңірде өткен жарыстан олжалы қайтып жүрген оқушыларына ризалығын білдіріп, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенімді екенін жеткізді, «Токио» клубының жаттықтырушысы Миас Рахманов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *