БҰЛ БАСТАМА ҮШІН ҚУАНЫП ОТЫРМЫН!
Фото: Ақорда
Президенттің келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынуы – халық үшін өте жақсы жаңалық деп есептеймін.
Әсіресе бұл бастаманың әр облыс орталығын ғана емес, аудандар мен елді мекендерді де қамтитыны қуантады. Жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау нысандары, оңалту орталықтары, спорт кешендері, кітапханалар мен шығармашылық үйлері – барлығы да халыққа тікелей қажет нысандар.
Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысына басымдық берілуі де өте маңызды. Бұл – мемлекет тарапынан отбасыларға көрсетілетін нақты қолдаудың бір көрінісі.
Тұрғын үй құрылысының да жалғасуы халық саны өсіп келе жатқан өңірлер үшін аса өзекті.
Ауқымды құрылыс дегеніміз – тек жаңа ғимараттар емес. Бұл – жаңа жұмыс орындары, жаңа мүмкіндіктер, дамыған инфрақұрылым және халықтың өмір сүру сапасын арттыру.
Сондықтан бұл бастамаға шын көңілмен қуанып отырмын. Ең бастысы – жоспарланған жобалар уақытында басталып, сапалы орындалып, халық игілігіне тезірек берілсе екен!
Қабділбар Абақ, Қосшы қаласы арлагерлер ұйымының төрағасы
Пікірлер (0)