ЖОЛ САПАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

Пікір
view 24
news

Фото: Aқорда

 
Президенттің халыққа арнаған Жолдауында Көкшетау–Петропавл автожолын кеңейту қажеттігіне назар аударуы – Ақмола облысы үшін ғана емес, жалпы Солтүстік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды жаңалық.
Бұл бағыттағы жол инфрақұрылымын жаңғырту – азаматтардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, кәсіпкерлік пен туризмнің дамуына да оң әсер етеді.
Жалпы, Жолдауда көлік және жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілгені қуантады. Алдағы жылдары жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының қарқыны одан әрі артып, еліміздің жол сапасы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін.
Бұл – халық үшін де, өңірлердің болашағы үшін де керемет жаңалық!
 
Садыбек Тугел, жазушы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *