ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Пікір
view 16
news

Фотт: ЖИ

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін талқылауды ұсынды.

Бұл – кәсіпкерлер үшін маңызды жаңалық. Себебі шағын бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту олардың уақытын тексерістерге емес, өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсібін кеңейтуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бақылау-қадағалау жүйесін қайта қарап, реттеудің цифрлық моделіне көшу ұсынылып отыр. Бұл бизнес пен мемлекет арасындағы өзара байланысты жеңілдетіп, артық бюрократияны азайтуға жол ашады.

Кәсіпкерге кедергі емес, мүмкіндік керек. Шағын бизнеске жасалған қолдау – жаңа жұмыс орындары мен экономикалық өсімге жасалған қолдау. 

Қуаныш Нуртазин, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Қосшы қаласы бойынша филиал төрағасы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *