АҚМОЛАДАҒЫ ЕТ ӨНДІРІСІ – АЙМАҚТЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ АЙҒАҒЫ
Фото: Aқорда
Бүгін, 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ақмола облысында заманауи ет өндірісі кластерінің қалыптасып, жақсы жолға қойылып келе жатқанын атап өтті. Бұл – Ақмола облысы үшін үлкен баға әрі өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға берілген жоғары баға.
Ақмолада саланы дамытуға инвестиция тарту, заманауи технологияларды енгізу, өндірісті жаңғырту және мал шаруашылығының әлеуетін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі бүгінде нақты көріне бастады. Президенттің Жолдауда Ақмола облысының ет өндірісі кластерін арнайы атап өтуі – өңірдің аграрлық бағыттағы мүмкіндігіне берілген жоғары баға ғана емес, алдағы міндеттерге көрсетілген үлкен сенім.
Рауан Ақылбердіұлы, Қосшы қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы
Пікірлер (0)