Енді Путиннің кезегі: РФ президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді келесі жылы елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Кремльдегі кездесу: Тоқаев пен Путиннің диалогы және саяси ишаралар
Тоқаев пен Путин 2,5 сағат емен-жарқын әңгімелескен
Тоқаев не деді
Зор ризашылықпен Сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын. Дұрыс айттыңыз, мәселе протоколдық нақтылық жайында емес, шын мәнінде. Біз ең жоғары деңгейде құжаттардың жаңа буынына қол қоюға және оның дұрыс іске асырылуын бақылауға тиіспіз. Бұл аса маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Ризашылықпен барамын»
Осы кезегінде Ресей басшысы Қазақстан Президентінің шақыруын қабыл алды.
Қазақстанға зор ризашылықпен барамын, - деді Владимир Путин.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілгенін жазған едік.
Сондай-ақ Тоқаевтың 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратынын хабарлаған болатынбыз.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Тоқаевтың ұшағы Ресей әуе кеңістігіне енген сәтте әскери ұшақтар қапталдаса ұшты (ВИДЕО)
Пікірлер (0)