КӨКШЕТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Руханият
view 183
news

КӨКШЕТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ   Көкшетауда тұңғыш рет, 27-31 наурыз аралығында Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы аясында, халықаралық театр күніне орай халықаралық комедиялық театр фестивалі өтетінін хабарлаймыз! Театр додасында Қазақстандық және шетелдік  театрлар 9 аталым бойынша  бақ сынайды. 27 наурыз күні сағат 19.00 - де Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» «Пранк-Махаббат» комедиясын ұсынады Авторы: Қанат Жүнісов Режиссері: Дәурен Серғазин; 28 наурыз күні 11.00 - де Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әскери "Тұран" театры «Тилло табассумлар» комедиясын ұсынады Авторы: Абдуллы Кадырий Қойылым режиссері: Мелиев Сайфиддин Сайриддинович; 28 наурыз күні сағат 19.00 - де Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры "Сұлтанның аты сұлтан" комедиясын ұсынады Авторы: Саадала Ваннус Қойылым режиссері: Барзу Абдураззаков; 29 наурыз күні сағат 11.00 - де Токтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік академиялық театры «Алда жаш жубайлар, ай» комедиясын ұсынады Авторы: Мухамедкалый Касенов Қойылым режиссері: Эркин Эгембердиев 29 наурыз 19.00 - де «Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театры» «Айман-Шолпан» комедиясын ұсынады Авторы: Мұхтар Әуезов Қойылым режиссері: Мақсат Айтжанұлы 30 наурыз күні сағат 11.00 де Райымбек Сейтметов атындағы  Түркістан қаласының сазды-драма  театры «Турандот ханшайым» комедиясын ұсынады Авторы: Карло Гоцци Қоюшы режиссері: Қуандық Қасымов. 30 наурыз күні  сағат 19.00 Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Венециялық егіздер» комедиясын ұсынады Авторы: Карло Гольдони Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов 31  наурыз күні сағат 11.00 - де Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры «Қазақы комедия» комедиясын ұсынады Авторы және қоюшы режиссері: Болат Ұзақов 31 наурыз күні сағат 17.00 - де «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» «Чарли Чаплин» трагикомедиясын ұсынады Авторы және қоюшы режиссері:Николай Балобан Театр мерекесінің құрметті қонағы болыңыздар мәртебелі көрермен!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *