Қоқыс – өзекті мәселе

Әлеумет
view 2779
news

Адамзат анасына айналған жер ананы аялау – парыз.  Қосшы қаласының экологиялық мәселесі – қоқыс мәселесі. 

Барлық мекендерде экологиялық мәселе бары – анық. Ол Қосшыны да айналып өтпеді. Сәулеті қарыштап дамып жатқан кез келген қаланың әуелгі мәселесі – құрылыс қалдықтары. Қосшы қаласындағы қоқыстың 80 пайызы –  құрылыс қалдықтары құрайды. 2022 жылдың 1 шілдесінде қабылданған экологиялық кодесте «Құрылыс қалдықтарын полигондық аймақтарға апарып тастауға болмайды. Арнаулы жерде сұрыпталуы керек» делінген. Енді мәселені қалай шешеміз? Әуелі, жүйе керек. Екінші, тұрғындарға табиғатты, қоршаған ортаны аяялауды үйрету керек. Ең қарапайым олар қоқысты қоқыс жәшігіне апарып тастауды дағдыға айналдыруы керек. Әлемді өзгерту өзімізден басталады емес пе? Мысалы сіз қоқысты қоқыс жәшігің қасына тастасаңыз, оны ит-құс жұлмалап шашып тастауы мүмкін. Ол желмен басқа аумақтарға да тарайды. Сол үшін экологияны жақсартудың ең оңай, ең қарапайым тәсілі – қоқысты қоқыс жәшігіне тастау.

Қоқыс мәселесіне байланысты Қосшы қаласы Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласының басшысы Асамбаев Валерийдің пікірін білдік. «Қосшы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі өршіп тұр. Бізде әлі қалдықты жинаудың орталықтандырылған жүйесі дамымаған. Осы жылы алаңдарға 70 контейнер қойылды. Бұның өзі аз. Тағы да қою керек. Келесі жылға жоспарланып отыр. Қоқыс мәселесін шешу үшін қалдықтарды жинап әкетіп кәдеге жарату үшін тариф жүйесін қостық. Қаламыз Ақмола облысында осы тарифті жүйеге қосқан алғашқы үштікке кірді. Жалпы қоқыс мәселесіне көңіл бөлуден көш бастап тұрмыз. Менің ойымша мәселені шешу үшін экологиялық инспектор тағайындауымыз керек. Батыста экологиялық кодексті, тәртіпті бұзсаңыз, инспектор айыппұл төлетеді. Біздің қалаға да осы жүйе керек сияқты. Тәртіп осылай орнамақ» дейді Валерий Анатольевич.

Экомәдениет – табиғатты қорғап, аялаудағы ең негізгі аспектілердің бірі. Экомәдениет айналаға қоқыс тастамаудан, шашылып жатқан қоқысты жинаудан басталады. Көпшілік аузында жүрген  «Бұл қоқысты мен тастамадым, бірақ менің әлеміме тасталды» деген сөз де, осы экомәдениет ұғымына саяды. Ағылшын ғалымы Энтони Гидденс бұл ұғымға ғылыми пікір берген. Оның айтуынша  экологиялық мәдениет құндылығы aдaмдap жacaғaн нopмaлapдан, өмip ережелерінен туады.  Ыбырай Жақаевтың «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі», – деген сөзі экомәдениет сөзінің мәнін ашып тұрғандай.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *