Отбасылық «Толағай» отбасылық эстафетасы өтті
Фотосурет: дереккөз
Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Толағай» отбасылық спорттық эстафетасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шара тартысты әрі қызықты өтті. Отбасы — кез келген мемлекеттің негізі, ал дені сау ұрпақ — елдің болашағы.
Мектеп директоры Раева Оксана Хакимовнаның бастамасымен, мектеп ұжымы ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында дәстүрлі «Толағай» сайысын өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Отбасы мүшелерінің арасындағы сенімді, достық қарым-қатынасты дамыту; Балаларды спортқа баулу және бос уақытты тиімді өткізу мәдениетін қалыптастыру.
Іс шараға ұйымдастырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі Жанұзақ Сапарған Жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Опабеков Алтанбек Уалиұлы Сайысқа 5 сынып оқушыларынан 5 команда ата - анасы және бауырларымен қатысты.
Атап өтер болсақ: 5 “А” сынып Айдосұлы Әлихан атасымен 5 “Б” сынып - Бекболат Адина әкесі Алимов Арысбек Бекбулатович 5 “Б” сынып - Жұмаділ Айсұлтан әкесі Жумадилов Асет Нурболұлы, қарындасы - Жұмаділ Айару Әсетқызы 5 “Г” сынып - Қамбарбек Хамза және анасы, сыныптасы Дамысбекұлы Олжас 5 “З” сынып - Оралбек Нұралы анасы мен әкесімен қатысты Сайыс кезеңдері Эстафета бірнеше кезеңнен тұрды.
Қатысушылар жылдамдыққа, ептілікке және командалық ауызбіршілікке негізделген тапсырмаларды орындады:
«Таныстыру»: Әр отбасы өздерінің ұраны мен топ атын таныстырып, ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті. Кедергілер арқылы жүгіру: Әкелердің күші, аналардың жинақылығы мен балалардың шапшаңдығы сыналған сәт.
«Кім жылдам?»: Доппен, шығыршықпен (обруч) жасалатын жаттығулар жиынтығы. Қаппен секіру және арқан тартыс: Сайыстың ең қызықты әрі толқынысты сәттері көрермендердің делебесін қоздырды. Бірлік бар жерде — жеңіс бар Жарыс барысында ата-аналар балаларымен бірге бір команда болып, жеңіске деген талпыныстарын көрсетті.
Балалар үшін өз ата-анасының спорттық қабілетін көру — үлкен мотивация болса, ата-аналар үшін бұл шара балаларымен сапалы уақыт өткізудің таптырмас мүмкіндігі болды.
Сайыс соңында қазылар алқасы үздік шыққан отбасыларды анықтап, мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
«Мұндай іс-шаралар мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпірді нығайта түседі. «Толағай» — тек спорттық жарыс емес, бұл — бірлік пен татулықтың мерекесі», — дейді ұйымдастырушылар.
Мерекелік көңіл-күймен аяқталған «Толағай» эстафетасы Қосшы қаласы №2 мектебінің оқушылары мен ата-аналарына ұмытылмас әсер сыйлады.
Мектеп тәлімгері: Абиева Сымбат Ерболқызы
Пікірлер (0)