«Ұрғашының саны еркектен көп емес»: Қоғам белсендісі әмеңгерлікті заңдастыруды ұсынды
Фото: facebook.com
Қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы Facebook-парақшасында әмеңгерлік дәстүрді заңдастыру қажет екенін айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қатын алуды ұлықтай бермеңдер!»: Нұрлан имам ескерту жасады (ВИДЕО)
«Тоқал аламын деп оңбай қалдым»: Атышулы Омар Жәлел жан сырын ақтарды
«Тоқалдықты заңдастыру қажет»: Мұхтар Тайжан депутаттың ұсынысын «далбаса» деп атады (ВИДЕО)
Тоқал алатын заман тарихтың қойнауына кеткен. Қазіргі заман тоқал алатын уақыт емес. Себебі қазір ер мен ұрғашының саны теңескен заман. Баяғы Алқакөл Сұламаның кезіндегідей ұрғашының саны еркектен 5-6 есе көп емес.
Қазір ары кетсе әмеңгерлік жолмен ғана екінші рет үйленуге болар? Себебі бұл біздің бабалар жолы. Осы әмеңгерлік жолды заңдастырса, қолдар едім.
Омар Жәлел ағамыз тоқал алудың қате екенін кеш те болса түсініпті. Бірақ оның қате екенін осыдан 15 жыл бұрын Санжар Керімбай айтып еді.
Айтпақшы, соңғы кездері тоқалдар әлеуметтік желі арқылы байларын бопсалайтын үрдіс қалыптасқан секілді. Өткенде бір тоқал өзінен 20 жас үлкен Парламент Мәжілісінде отырған күйеуі жайында: Баласынан бас тартқан әке жайында айтып беремін деп желіні шулатып, қорқытып, соңынан сөзінен тайып кетті.
Ал енді Омар Жәлел ағамыздың мына тоқалы ағамызды сотқа беремін деп айбат шегіп тұр, - деп жазды ол.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Биыл маскалар шешілетін жыл!»: Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі оны сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
«Басқаның бақытын ұрлау – адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Қабатовтың тоқалына ақыл айтты
Онда біз де бірнеше күйеуге тиеміз: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді
Сенатор коучтардың кесірінен қаншама шаңырақ ортасына түскенін айтты
Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтқан болатын. Кейін Құспан бұл сөзіне қатысты түсініктеме берген еді.
Пікірлер (0)