«Халықты басқаша өмір сүруге үйрету»: Назарбаев Асанәлі Әшімов туралы не айтқан
Фото: Ақорда
2017 жылы қазақ өнерінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімовке еліміздегі ең жоғары марапаттардың бірі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Осыған орай бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі актермен кездесіп, оны 80 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын. Осы орайда Kznews.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың актерге ерекше тілегін жеткізіп, арнаған сүбелі сөзін ұсынған екен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
21 желтоқсанда Қазақстан және КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов өмірден өтті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Асанәлі Әшімовтің 26 жастағы қызы жантебірентерлік жазба жариялады
«Қаншама қиындық болды»: Асанәлі Әшімовтің соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)
Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімов туралы ел естімеген жайтты айтты
«Жастарға керек болады-ау...»: Айтыскер ақын Асанәлі Әшімовтің үш қасиетін атады
Біз 40 жылдан астам уақыттан бері таныспыз. Содан бері, әсіресе, ел тәуелсіздігі қалыптасқан күрделі жылдарда әрдайым қолдауыңызды сезініп келемін.
Сіз КСРО-ның, Қазақстанның халық әртісі ретінде ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталдыңыз. Кино әлеміндегі Асанәлі Әшімовтің есімін күллі Қазақстан мақтан тұтады. Сіз Қазақстандағы сан-салалы шығармашылық өнердің саңлағы атандыңыз. Сондықтан елге керек қадірлі тұлға болып отырсыз.
Жалпы, мен замандастарыма ризамын. Олардың арасында көптеген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жазушылар бар. Біз көп қиындықтарды бастан өткердік. Алдымызда халықты басқаша өмір сүруге үйрету міндеті тұрды. Көпшілігі бізді, елімізді қолдады. Солардың арасында Сіз алдыңғы қатарда тұрсыз, – деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Мәйітін қораға апарған»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты (ВИДЕО)
«Төрт рет үйлендім, ұлдарымның өлімін өзімнен көремін». Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде айтқандары
"Қазақ өлген адамды шығарып салудан мықты": Асанәлі Әшімовтің жеке жазбалары тарап кетті
Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, жүрек тебірентті (ВИДЕО)
«Менен жақсы әйел тапса...»: Бағдат Әшімованың сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)
«Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)
«Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты
Пікірлер (0)