«Актерге грим жасаған қыз әлі есенгіреп жүр»: Тележүргізуші Асанәлі Әшімов туралы естілігін бөлісті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 272
news

Фото: instagram.com/assanali.ashimov

Әлеуметтік желіде аңыз Асанәлі Әшімов туралы естелік жазбалар толастар емес. Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт те актер туралы жазған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Халықты басқаша өмір сүруге үйрету»: Назарбаев Асанәлі Әшімов туралы не айтқан

Асанәлі Әшімовтің 26 жастағы қызы жантебірентерлік жазба жариялады

«Қаншама қиындық болды»: Асанәлі Әшімовтің соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)

Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімов туралы ел естімеген жайтты айтты

«Жастарға керек болады-ау...»: Айтыскер ақын Асанәлі Әшімовтің үш қасиетін атады

13-14 желтоқсанға жоспарланған «Өмір өрнегі» хабарының түсірілімдерін бір күнге ғана қойыңдар, 14 күні студияны «Кешіrec» бағдарламасы үшін босату керек!» деген бұйрық келді арна басшыларынан. Бір күнде 3-4 хабарды бірден түсіру оңай емес, десек те 13 желтоқсан күні жұмысымызды бітіріп кеттік. 14 күні қонаққа Асанәлі ағамыз келген екен. Соңғы рет…
Студияға кірер алдында грим жасаған қызымыз Айнаш әлі есеңгіреп жүр. Қонақтың бетін опалап, эфирге дайындап жатқан Айнашқа Асекең «қатты боямаңдар!» деп ескерткенін айтып отыр. Кеше ғана еді ғой дейді. Мына видео-кадрлар 5-6 жыл бұрын түсірілген еді. Алматыдағы премьералардың бірі. Сол қатарда марқұм Мәрзия Тұрлыханова да отырған, Роза Әшірбекова, Нина Әмірова…

Бағдат жеңгемізге, құрдасымызға «ағамыз Сізге аманат» деген едім. Жеңгеміз Асекеңнің соңғы жылдарын шуақты етті, бала сыйлады, жағасын кірлетпей, аттан түсірмей, түтінін түзу шығарды. Кешегідей есімде: бір тойда Асекең мен Бағдат ханым бірге келіп, тойдың соңына дейін болды. Асекең дастархан басында қатарластарымен отырғанда Бағдат ханым ортада келіншектермен бірге билеп жүрді. Асекең ұзақ уақыт сырттарынан қарап, жарының қуанып, ортасының гүлі болып жүргеніне риза болып отырғаны әлі көз алдымда.

Өтіп бара жатқан өмір-ай! Десек те… Өмір өтпейді. Біз өтеміз өмірден...

Бекем болыңыз... – деп жазды ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Мәйітін қораға апарған»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты (ВИДЕО)

«Төрт рет үйлендім, ұлдарымның өлімін өзімнен көремін». Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде айтқандары

"Қазақ өлген адамды шығарып салудан мықты": Асанәлі Әшімовтің жеке жазбалары тарап кетті

Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, жүрек тебірентті (ВИДЕО)

«Менен жақсы әйел тапса...»: Бағдат Әшімованың сұхбаты тарап жатыр (ВИДЕО)

«Әке-шешесі қарсы болды»: Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші қызға қалай үйленгенін айтқан (ВИДЕО)

«Тезеңді батырдың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовпен ерекше қоштасты

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *