Әлеуметтік желінің әлеуметке әсері қандай?

Қоғам
view 155
news

Фото: ашық дерккөзден

Бүгінде әлеуметтік желілер адамдардың күнделікті өмірде өзара қарым-қатынас жасайтын алаңы ғана емес, сондай-ақ бірі-біріне психологиялық көмек көрсете алатын кеңістікке де айналып кеткен. Бұл платформа арқылы мыңдаған, он мыңдаған адамдар хат-хабар алмасып, өз көңіл күйлерімен бөлісіп, түрлі мәселелерді талқылап жатады. Ал енді осы платформа арқылы құлазыған жанның көңілін аулап, оларды арты қайғы-қасіретке ұрындыратын жайттардан сақтап қалуға бола ма? Әлде әлеуметтік желілер тығырыққа тірелген адамның жағдайын одан бетер ушықтырып жіберуі мүмкін бе?  Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі жазған лонгридті ұсынамыз.
 
Ғаламтор парақшаларында адамдар әртүрлі жайттарға байланысты жазбалар қалдырып, өздерінің эмоционалды жағдайын білдіріп жатады. Кейде одан өмірде жолы болмаған адамдардың күйзеліске толы күңіренген күйін де естіп-білуге болады. Адам торыққанда «шаршадым», «өлгім келеді», «бәрі алдамшы» деген сияқты сипаттағы жазбалар қалдырады. Сондай-ақ, өмірге деген қызығушылықтарын жоғалтып, жақын-жуықтарымен қатынасты үзіп, қоғамнан мүлдем бөлектеніп қалуы мүмкін. Тіпті ұйқы қашып, шамадан тыс арықтап кететін жайттар да жиі кездеседі. Мұндай белгілер адамның депрессияға ұрынғанын білдіреді. Міне, нақ осы кезде құлазуға түскен адамның жанынан табылып, оған психологиялық көмек көрсеткен жөн. Әйтпеген жағдайда көп уақыт терең депрессияда болған адам азғындауға ұшырай бастайды, оның арты суицидтік ойларға ұрындыруы мүмкін. 

Мамандар адамның психологиялық құлазу дәрежесін арнайы бірқатар әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы және «Өзіңізді қалай сезінесіз?», «Қандай ойлар мазалап жүр?» немесе «Ұйқыңыз қалыпты ма?» деген сияқты сұрақтар қойып, науқасқа қандай көмек көрсете алатындығын анықтай алады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде аталған дерттен айыққан жандардың өмір тәжірибесін мысалға ала отырып, олардың дағдарысты қалай жеңіп шыққанын үлгі ретінде бөлісу қажет. Мұндай жағымды мысалдар суицидті болдырмауға ықпал етеді. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында психологтардың кеңестерін насихаттап, «жедел желі» сенім телефондарының нөмірлерін көрсеткен маңызды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *