Суицидтік мінез-құлықты қалай анықтауға болады?

Қоғам
view 138
news

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде жыл сайын 700 мыңнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен, ал өзіне қол салып, әлдебір жағдайлармен тірі қалғандардың саны одан анағұрылым көп. Бұл кеселге әртүрлі жастағы адамдар тап бола береді, дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, оған әсіресе балалар мен жасөспірімдер неғұрылым көп ұрынады екен, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі талдамалық мақаласында.

Қазақстанда суицидтің деңгейі әлеуметтік және қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Суицидтің факторларын анықтау – оның алдын алудағы алғашқы қадам. Бауыр еті баласының суицид жасамақ болған әрекеті ата-анаға қатты кері әсер етеді, оларды ауыр психологиялық күйзеліске ұшыратады. Мұндай келеңсіздік ата-анаға үлкен ауыртпалық болып тиеді. Олардың ойын ұрпағына деген алаңдаушылық жаулап, өне бойын қорқыныш биледі. Қайғылы жайтқа ұшыраған баланың әке-шешесі болған оқиға үшін өздерін кінәлі сезінуі мүмкін. Бұл жайт ата-ананы қатты құлазуға шалдықтырып, қайғыға түсіріп жіберуі ықтимал.  

Сондықтан әлдебір әулетте, отбасында жасөспірімнің немесе баланың суицид жасауға әрекеттенгені белгілі болған жағдайда өмірден баз кешкен жанмен бірге оның әке-шешесіне де психолог маманның кәсіби көмегі қажет болады. Әлбетте барлық ата-ана қажет кезінде дәрігердің жәрдеміне жүгінуге бермейді, тіпті оған уақытттары да, мүмкіндіктері де жоқ болуы мүмкін. Ал дер кезінде дәрігердің көмегін алмаған адам үшін оның салдары ертең қалай болатынын ешкім тап басып айта алмайды. Өйткені уақытында емдеп-жазылмаған, дауасы табылмаған кеселдің ертең ушығып, өршіп, жазылмас дертке айналуы ғажап емес.

Халықаралық тәжірибелер көрсеткендей, суицид жасалған оқиғадан кейін біршама уақыт, тіпті бір-екі жыл өтсе де, оның туыс-туғандарының, ата-анасының ойында баламыз тағы да осындай қорқынышты қадамға бармас па екен деген уайым қалады. Сондай-ақ суицид жасалған үйде ол туралы әңгіме айтылмайды. Мәселен, асылып өлгісі келіп, одан әлдеқандай жағдаймен аман қалған, әйтпесе үйінде суицид болған адамдардың ортасында «жіп», «асылу» туралы сөздің өзін айтуға, бұл тақырыпты қозғауға тыйым салынады.   

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *