Көнеден қалған көне көздер ізі

Руханият
view 703
news

Сурет: автордан

«Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» деген бабадан келе жатқан нақыл бар. Бүгін осы сөздің тағы бір мәрте куәсі болдым. Кеңсай ауылында Еркебай Бәтигүл деген анам тұрады. Ол 2004 жылы  ҚХР-дан келген. Бұл ауылда тұрғалы жиырма жылға тақап қалса да, анамның бір ерекше қырын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бала күнімнен еміс-еміс есімде қалғаны, анам түнде үнемі тық-тық еткізіп біз кесте тігіп отыратын. Көбіне «Төр көрпе, тұскиіз» т.б. Ол кезде бізде электр жарығы деген болмайтын. Анам кішкентай майшамның, не киросин шамның түбіне тақалып ісін тігетін. Бұл істердің бәрін бастан аяқ өзі істейді. Алдымен таңдалған  матаға оюын түсіреді, сосын жіптерін сәйкестендіріп дайындап, кергіш ағашқа керіп тіге бастайды. Бұдан басқа сырмаққа ою салдыру үшін де ауылдастар үнемі анамды шақырып кететін. Ол  6 класстық білімі болса да, оюды ешқандай сызғыш не басқа өлшегіш құралдарсыз дәл-дәл етіп айнытпай салатын. Ал оюларына қарасаң, бұндай дәлдікті геометрияны оқымай қалай салған деп таң-тамаша боласың. Бала күнімде маған да, бауырларыма да үнемі киімді өз қолымен тігіп кидіретін.  

Ал бүгін негізгі әңгімеге арқау болып отырған – ол кісінің тымақ тігу өнері. Үлкен аталарымызға өз қолымен тымақ тігіп бергенін сан рет көрдім. Былтырғы жылы қайын атам бір қызыл түлкісін құдағиына әкеліп :  

-Құдағи, сіз тымақ тігеді екенсіз ғой, маған да бір тымақ тігіп беріңіз-, деп келген болатын.   

Көп өтпей қайын атама әдемі бір тымақ тігіп берді. Бұл тымақтың басқа тымақтан айырмашылығы араға 10-15 жыл салып тігіп отыр. Бір барғанымда  көзіне жас алып,  марқұм шешемнің үйреткен өнері еді деп ескірген қағаз қиындыларын ұстап отыр екен. Жүрек түбінде өз анасына деген сағыныш сыздатып тебірентіп отырған болуы керек...  

Оны мен анамның сандығында, ескі кітаптың ортасында жүретінін көрген едім.   

-Бұл не?- дегенімде:  

-Тымақтың дәлме-дәл үлгісі. Әр бұрыш-бұрышының өте мұқият тігілуі үшін осы үлгіге сүйеніп тігемін-, деді. Бұл іс асқан тиянақтылық пен төзімділікті талап етеді. Төбесі  қатты киізден сырылып, киетін адамның жасына қарай сыртқы матасы таңдалып, негізгі тігістері қолмен тігіледі. Бір түлкіден бір тымақ шығаруға да болады, алайда түлкінің қызыл жерін алу үшін көбіне екі түлкі кетеді екен.    

«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған болатын.  

Менің ойымша, рухани жаңғыру үшін ұлтымыздың ұлттығын дәлелдейтін көне мұраларымызды қадірлеуіміз керек және келешек ұрпаққа аманаттау – басты мақсат.  

Атамыз қазақтан қалған мұраны жаңғыртып, жадында ұстап бүгінге жеткізіп келе жатқаны үшін анамызға: «Мың алғыс!»  

Ауыл тұрғындарына сыйлы, қәдірлі анамның осындай өнері бар екенін мақтанышпен айтып, осылай жария етуді жөн көрдім.  Құдаларың мың жылдық болып, бала-шағаңның ортасында, әкеммен бірге аман-есен жүре бер!

Сләмбекқызы Анаргүл

Кітапханашы

 

Пікірлер (7)

  • Jeffrey

    First To Market AI App That Creates Mind Blowing All From One Single Dashboard, For A Low One-Time Fee No API Key Cost | No Designing Skills | No Monthly Fees Required Only 3 EASY Clicks- Instantly Create & Sell Limitless Incredible AI Images, AI Videos, Graphics, Visuals, Arts Etc To Hordes Of Hungry Audience for Top Dollar And much more ... https://www.novaai.expert/MagicBeastAI

  • Doug

    Sick of juggling logins and tabs? It ends here. Introducing a disruptive AI hub that gives you full control to the entire AI universe — with no API fees, no monthly charges, no hidden costs. Use Jasper from one clean dashboard. No dev skills. No setup. No waiting. Build content in minutes. Everything you need. Nothing you don’t. Why pay when you can unlock it now for a fraction of what you're spending now? Start using it today https://abilify-online.site/2027789

  • Elden

    30-Second Trick Turns My Phone Into a $500/Day Cash Machine” Just Tap The "Secret Button" To Cash In From This $385 Billion WiFi Profit Loophole! And much more ... http://www.novaai.expert/PassiveIncome

  • Chelsea

    We are interested in your products and services, for long term cooperation, please send me your pricing and portfolio on our Whatsapp: https://wa.me/12634005735

  • Lane

    We are interested in your products and services, for long term cooperation, please send me your pricing and portfolio on our Whatsapp: https://wa.me/447999149493

  • Kelsey

    The Futuristic All-In-One AI Voice Platform Clones Any Voice, Translates It Into 20+ Global Languages, & Creates Human-Like Voices In 60 Seconds Flat - With Real Emotions, Voice Modulations, Global Accents & Multilingual Fluency. Powered By Revolutionary Vocal DNA Technology, That Turns Any Text, Audio, & Video Into A Human-Like Voice - That Sounds So REAL, As If A Human Is Talking… And much more ... http://www.novaai.expert/ToneCraftAI

  • Sheree

    Access ChatGPT, Claude, Gemini Pro , Kling AI, LLaMA, Mistral, DALL.E, LLaMa & more—all from a single dashboard. No subscriptions or no monthly fees—pay once and enjoy lifetime access. Automatically switch between AI models based on task requirements. And much more ... hamsterkombat.expert/AIIntelliKit

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *