Ұлтаралық келісім – ішкі тұрақтылықтың кепілі

Редакция таңдауы
view 284

Қазақ елі өзінің қонақжайлығымен ерекшеленген рухты, қайратты ел. Басынан қанша қиындық өтсе дағы ешқашан өштесіп, кек алып, соғыс ашпаған. Біздің қадір-қасиетіміз де осы болса керек. Ата-бабамыз осындай кең байтақ жерімізді рухымыздың күштілігімен, намысшыл өр мінезімен қорғап келді. Атадан балаға дарыған бұл мінезді бізден ешкім алып қоя алмасы анық. Қазір де аспанымыз ашық, бейбіт өміріміздің негізі – біздің кең пейіліміздің арқасы. Қазыбек би өз сөзінде: «Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, еліміздің құт-берекесі қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз», - деп дөп басып айтқан еді.

Әртүрлі тарихи кезеңдері бастан кешкен Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері 1861 жылы реформа бойынша келе бастады. Украин, белорусь, поляк шаруалары Столыпин реформасы тұсында көшіп келді. Ал Кеңес Одағында тұсында Сталиндік қуғын-сүргін саясатының кесірінен өзге ұлттар күштеп қоныс аударылды. Осы тұста ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтар тек қазақ халқының көмегінің арқасында ғана аман қалды. Аштық пен қуғын-сүргін қасіретін көрсе де, кеңпейіл халқымыз қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкегіне түскендерге көмегін аямады. Осылайша Қазақстан зорлықпен көшіп келген өзге ұлт өкілдерінің екінші отанына айналды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан көпұлтты мемлекет болуына орай өз тәуелсіздігін сақтай алмайды деген пікірлер болған. Алайда Қазақстан этникалық біртектілікті сақтай отырып, көпэтносты елдің үлгісін әлемге паш етті. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ел аумағында Қазақстан азаматтығына ие болған этнос өкілдерінің өзара тату-тәтті өмір сүріп, бейбіт өмір сүруінің алғышарты - ел этносаясатын тұрақтыландырып, экономикасын көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, бағалау, талдап зерттеу бүгінгі және келешек Қазақстанның өзекті міндеттерінің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2 тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», - деп атап көрсетілуі де осы ойымызды нықтай түседі. Еліміз жаңа жиырма бірінші ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына- ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді, қастерлеп сақтай отырып, қадам басты. Қазақстан Республикасының Конституциясында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кезкелген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған. Еліміздің Конституциясы да, Ассамблея жұмысы да, стратегиялық құжаттар да Қазақстан Республикасының тәулсіздігін, тыныштығын, дамуын көздейді. Сондықтан дәстүрлі жолды жалғап, дамыған елдер қатарына қосылу үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс жсауымыз керек. Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыру Қазақстанның дамуының негізгі кепілі бола бермек. Барлық қазақстандықтар ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек. Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты. Елімізге белгілі ғалым Р. Әбсаттаров: «ұлтаралық келісім- адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім- ең маңызды жетістіктердің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің нәтижесі, қоғамның дамығандығының көрінісі», - демекші, ұлттық рухымызды жоғалтпай, ата-бабаларымыздың ақ жолын жалғасақ жаман болмасымыз анық. С. Қуандықова Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *