АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІн ДАМЫТУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Қосшы жаңалықтары
184
Биыл елде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Жобаның 10 жылға нақты тұжырымдамасы бекітілген. Оны іске асыру барысында ауыл шаруашылығы өнім көлемін арттырып, ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту мен осы саладағы жұмысты жандардыру көзделген.
Деседе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген кезекті отырысында, Президент елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті екенін жеткізді.
«Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сала жауаптылары аграрлық секторды дамыту үшін көп күш-жігер жұмсау қажет деп есептейді. Ол үшін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы қолайлы жағдай жасап отыр. Ішкі нарықты қамтамасыз ету мен отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық өндіріс кооперативтеріне тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамуы осы бағдарламаның басым тұстары болып отыр. Жалпы Қосшы қаласының жүргізіп отырған аграрлық саясаты да ауыл шаруашылық саласын жаңғыртуды көздейді.
ҚОСШЫДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ БАСЫ АРТУДА
Қосшылық шаруа қожалық иелері ауыл шаруашылығын дамыту бағытында белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Қарапайым жер емен шаруалардың аграрлық саланы дамытуға ынта қойып кірісуіне мемлекеттік деңгейде қабылданған бағадарламалар да ықпал етіп отырғанын атап айтуға болады. Біздің кейіпкеріміз, Таутенов Игілік 2011 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған. Осылайша, 2015 жылы Қосшыда "Сивка-Бурка" шаруа қожалығын ашып, осы күнге дейін сәтті басқарып келеді. Алғашында жылқы малын өсірумен айналысып, кейін шаруашылықта асыл тұқымды мал басын көбейту шарасы қолға алынды. Бүгінде «Сивка-Бурка» шаруа қожалығы Қосшыдағы ірі мал шаруашылығымен айналысатын ұжымның бірі болып саналады. Бүгінгі таңда шаруа қожалығының басшысы сауын сиыр санын көбейтіп, нәтижелі еңбектің үлгісін танытып отыр.
"2015 жылдан бастап, ең бірінші болып «Құлан» бағдарламасы аясында несие алып, жылқы өсіруді қолға алдым. Аллаға шүкір қазір жылқы басында көбейтіп жатырмыз. Барлығы жоспарға сәйкес іске асып жатыр. Бүгінгі таңда қара мал басын көбейтуге басымдық беріп отырмын. Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 138 бас сауын сиыр, герефорд тұқымдас 6 бұқа сатып алғанмын. Биыл үшінші рет төлдеп жатыр. Арнайы сату бағдарламасында да бармыз. Міне биыл үшінші жыл қатарынан асыл тұқымды бұқа сатамыз",- деді шаруа қожалық басшысы Игілік Амангелдіұлы.
Шаруалардың берекелі еңбек етуінің нәтижесінде түлік төлінен өсіп, мал басының саны да артып келеді. Сондай-ақ, биыл шаруа қожалық иесі жаңа "Іскер" мемлекеттік бағдарламасына да қатысып отыр. Жоба аясында "Еділбай" тұқымды 450 бас қой алып, мал шаруашылығы кәсібін одан әрі дөңгелетуде. Сөзінше, жүнді-етті асыл тұқымды малды ұстауға өңірдің ауа райы да қолайлы. Себебі қойдың бұл тұқымдас түрі суыққа төзімді келеді екен.
"Қойды осы биыл ғана алып отырмыз. "Еділбай" тұқымды қойлар біздің суық ау райына төзімді әрі өзімізге де ұнайды. Жалпы біз жергілікті малды сіңіре будандастырып, тұқымын асылдандырып жатырмыз. Біз қасапхана да салдық, келешекте ет өңдеу жұмысын жолға қоймақпыз. Мал азығын өзіміз дайындасақ, табыс та молая түсер еді. Биыл мал азығы дақылдарын егуді қолға алуды бастадық. Бұл жаңа бағыттағы шаруа қожалығы ретінде жұмысын бастайды. Екпесек, қаншама бас мал бар. Шөппен ғана шыға алмаймыз. Өздеріңізге белгілі қуаңшылық болып, мал азығы жағынан бірқатар қиындықта туындаған болатын. Біз шөптіде, жемдіде осы күнге дейін сатып алып тұрдық. Себебі өзімізде техникала алатын қаражат болған жоқ. Жердің өңдеу үшін сапалы құрал-сайман қажет екені белгілі. Осы уақытқа дейін дала шөбін шауып отырдық",- деді Игілік Амангелдіұлы.
Ірі қара малды асылдандырумен айналасып, тәжірибе жинақтаған шаруа қожалығы бүгінде 10 отбасыны тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Айта кету керек, алдағы уақытты сүт өнімін шығаратын цех жұмысын жандандыру да жоспарда бар. Бүгінде бие сауып, қымыз, сауамалыны да саудалаумен айналысады. Алайда бұл кәсіп қыс мезгілінде уақытша тоқтайды. «Сивка-Бурка» шаруа қожалығы мал басын тағы көбейту үшін жер телімі жетіспейді екен. Сондықтан шаруа қожалығының иесі бұл мәселені шешудің жолын қарастыруды сұрайды.
"Біздің қазіргі жер теліміміз мал басына жетіспейді. Сондықтан әрі қарай мал санын көбейте алмаймыз. Жанымыздағы игерілмеген жерлерді пайдалануға сұрап жатырмыз. Мемлекет тарапынан шаруаларды қолдауға арналған бағдарламалар өте көп. Біз оның шарапатында көріп жүрміз. Дегенмен, оның кейбіріне өзгеріс енгізсе екен"-деп өз өтінішін жеткізді Игілік Таутенов.
Сарапшылардың айтуынша, Тәуелсіздік алғалы Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылар арасында зор әлеуетке ие болды. Ол үшін аймақтағы шаруа қожалықтарында жем-шөп әзірлеу мүмкіндігі мен мал шаруашылығын өрістетуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
Раяна Талапқызы
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)