Су ресурсын қалай үнемдейміз?

Редакция таңдауы
view 364
news

Соңғы уақытта су  мәселесі түйіткілді мәселеге айналды. Мәселенің түп-тамыры – су ресурсын үнемдемеуде жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбектің елорданы сумен жабдықтаудың жағдайы туралы баяндамасын тыңдады. Әкімге қысқа мерзімде сумен қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар, қала өмірінің басқа жүйелерінде де дағдарыстық жағдайлардың туындамауын қадағалу  және жедел сипаттағы шаралар қабылдау тапсырылғаны атап өтілді. Кеше ғана қала басшысы су тапшылығына байланысты мәселе бір ай көлемінде шешіледі деп уәде берген. Оның айтуынша, сорғы сүзгі станциясындағы жұмыстың бірінші кезеңі маусым айында аяқталады. Сондай-ақ, әкім тамыз айында осы нысанның екінші бөлігі аяқталатынына сендірді. Қазіргі уақытта Қосшы қаласы Нижнероманов кен орнынан ауыз су алады. Орталықтандырылған сумен тұрғындардың 80% -ы, яғни, 11,5 мың абонент қамтамасыз етілген. Су құбырының ұзындығы – 158 км. Негізгі көзі – Нижнероман кен орны, барлығы 27 ұңғыма, оның 23-і жұмыс істейді, 4-і резервте. Бүгінгі таңда суды тұтыну тәулігіне 5900-6000 мың м3 құрайды, демалыс және мереке күндері тәулігіне 6300 мың м3 дейін өседі.  Қосшы қаласында да суға қатысты мәселелер бой көрсетіп тұрады.  2022 жылы «Лесная Поляна» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарындағы сумен жабдықтау мәселесі таратушы желілерден судың ағып кетуін жою, сондай-ақ, жалпы үй желілеріндегі сүзгілерді тазарту арқылы шешілген болатын. Қаладағы таза суды тарту бойынша кезеңдік жоспар дайындалып,  әрбір көшеге байланысты мониторинг жүргізіліп келеді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстары, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру мәселелері бар. 2019 жылы  Қосшы қала болмай тұрып, ауыз су мәселесі жиі көтерілетін. Қардың жылдам еруі Қарағанды облысының су қоймаларынан суды мөлшерден тыс ағызып,  7 сәуірде Нұра өзені Қосшы ауылының бес ұңғымасын су басқан болатын. Тұндырылған су сорғылардың торын бітеп, оларды істен шығарды. Нәтижесінде қалған алты су баспаған ұңғымадан судың көтерілуі тәулігіне 3 360 текше метрді құрап, қажетті көлемі 4 300 текше метрден, демалыс күндері-тәулігіне 4 800 текше метрге дейін жеткен.  Апаталап су болмай,  Ермек Маржықпаев  тұрғындардың ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барысын тексеріп,  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іс-қимыл алгоритмін облыс әкімдігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген болатын. Бұл мәселелер Қосшы қала болғалы шешімін тапты. Қала өркендеп, тұрғындарға қолайлы мекенге айналды. Адамзат мойнындағы ең үлкен мәселе –  су ресурстарын үнемдеу. Бұл жолда  сумен жабдықтау, суды бұру және оны тазартатын жүйелердің өндіріс процестерін автоматтандыру – маңызды. Демек, су арналарының барлық кезеңінде қажетті ресурсты есепке алудың кешенді жұмысы жүргізілу қажет. Мысалы, дамыған елдерде  сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің гидромоделін құру үшін барлық өндіріс учаскесінде судың көлемін өлшейтін жабдықтарды орнатылады. Автоматтандыру жүйесі су арналарының алдағы уақыттағы шығындарын азайтуға, сондай-ақ, тиімді даму моделін жолға қою арқылы су инфрақұрылымын салып, жаңғыртуға жұмсалатын мемлекеттік қаражатты үнемдеуге септігін тигізеді. Мемлекеттік деңгейде су мәселесі қалай шешімін таппақ? Қазіргі жағдайды, шетелдік тәжірибені және Қазақстандағы су ресурстарын басқару жүйесінің 2023-2029 жылдарға дейінгі даму перспективаларын және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті негізгі қағидаттарды зерттеу негізінде біршама тәсілдер бар. Біріншіден, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту қажет.  Су пайдаланушыларға судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету және су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсы жағдайда ұстау мақсатында мынадай шаралар жүзеге асырылуы керек: су шаруашылығы объектілеріне жан-жақты тексеру жүргізу және олардың қауіпсіздігі декларациясы әзірлеу; Суару каналдарының жүйелерін қайта құру; Авариялық су қоймаларын жаңарту; Жайылымдық алқаптарда суару құрылыстарын түгендеу, реконструкциялау. Су тапшылығы мәселесі халық арасында дау туғызғалы бері, мемлекет шара қолдана бастады. Қолда бар су ресурстарының деңгейін оңтайлы экологиялық және экономикалық деңгейде ұстап тұру үшін мынадай шаралар қабылданатын болды:
  • Суды үнемдеуге бағытталған технологияларды енгізуді қаржыландыру; Үлкен көлемдегі суды қажет ететін егістік алқаптарын қысқарту.
  • Суды үнемдеуге көмектесетін суару технологиялары бар анықтамалық кітап жасау.
  • Суды пайдалануға шектеу қоюдың жаңа тетіктерін әзірлеу.
  • Суармалы аумақтарды сумен жабдықтауды жақсарту үшін жерүсті, жерасты және ағынды суларды кешенді пайдалану жүйесін әзірлеу.
  • Бірнеше ел арқылы өтетін өзендердегі ірі су қоймаларының жұмыс режимдерін қайта қарау.
  • Су ресурстарын басқару жүйесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жетілдіру.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *