Тығырыққа тірейтін терроризм

Редакция таңдауы
view 472
news

Терроризм – қоғам тыныштығын бұзатын, тығырыққа тірейтін тұрпайы қылмыс. Терроризм индексін жариялап отыратын «Maple Croft» британ компаниясының мәліметі бойынша Гренландия мен Антарктиданы есепке алмағанда, әлемде терроризм қаупі төніп тұрмаған ешқандай аймақ жоқ. Ел тыныштығы мен тұтастығы үшін әрқашан қауіп-қатердің алдын алуға міндеттіміз. Ол үшін халыққа «терроризмді» түбегейлі түсіндіріп, құлағдар етуіміз қажет. Сол себепті Қосшы қаласында  «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт» бөлімі дін тақырыбында жиі кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. 2023 жылдың 15-16 маусым  күндері Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы теолог маман А.Сарденов және ЖРО-ның теолог маманы Т.Қожахметова  қалалық бөлімі, пробация, больница және ЖРО қызметкерлерімен бірге «Діни экстремизм мен терроризм - ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара барысында тыңдаушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Тындаушыларға «Діни радикалды идеологияның қауіптілігі» мен «Дін саласындағы заңнама» туралы түсіндірді. Шараның өткізілу себебі – қоғам ішіндегі тыныштық пен тәртіп сақтау. Кездесу барасында деструктивті діни ағымдардың арбау әдістері, ақпараттық қауіпсіздік туралы айтылды.  «Бұл мемлекеттің терроризмнің алдын алу үшін аянбай қызмет жасап жатқандарының көрінісі», – дейді Қосшы қаласы «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт» бөлімінің діни секторға жауапты маман. Терроризм мен экстремизм. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Заңға сәйкес, экстремизм дегеніміз белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған жеке және (немесе) заңды тұлғаның немесе бірлестіктің мына әрекеттер мен мақсаттарды орындауы: Конституциялық құрылысты күштеп өзгерту; Қазақстан Республикасының егемендігін, оның аумағының тұтастығын бұзу; Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру; Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстау; Заңсыз әскерилендірілген құраманы құру, оған басшылық ету және оған қатысу; Қарулы көтерілісті ұйымдастыру және оған қатысу; Әлеуметтік, таптық алауыздықты қоздыру (саяси экстремизм). Халықты терроризм қаупінен қалай қорғауға болады? Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Олар дінді өздерінің саяси мақсаттары үшін қолданады. Дін және оның құндылықтарымен бүркемеленген уағызшылар адамзат қауымдастықтары арасында алауыздық пен өшпенділік туғызып, бүкіл әлемде төзімсіздік пен зорлықты орнатады. Сондыққа халыққа бірініші діни экстремизмге не жататынын түсіндіруіміз керек. Діни экстремизмге не жатады? Оған мына дүниелер жатады: дiни өшпендiлiк немесе алауыздық, зорлық-зомбылыққа шақыру; алауыздықты өршіту; азаматтардың қауiпсiздiгi, өмiрi, денсаулығы, иманы немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни уағыз. Діни экстремизм тар мағынасында діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Мұндай экстремизмнің негізін демагогиямен байланысқан зорлық, агрессия және шектен шыққан қаталдық құрайды. Кең мағынасында бұл ұғым мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекет. Осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру да ішіне кіреді Терроризм терминін қалай түсінеміз?  «Терроризм» терминіне келсек, латын тілінен аударған да «қорқыныш, үрей» дегенді білдіреді. Яғни, экстремизм сипатының көрініс табуы. Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі формалары мен әдістері арқылы саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметті білдіреді. Бұл барған сайын түрлі формаларға еніп, қарқынды үрей туғызып келе жатқан қазіргі заманның ең қауіпті, әрі күрделі құбылысы. Террористік актілер. Террористік актілер адамдардың жаппай қырылуына әкеледі және бұқара халықтың басым бөлігіне психологиялық қысым көрсетеді. Материалдық және рухани құндылықтардың бұзылуына, кейде мұндай зардаптардың салдары қалпына келтірілмейтіндей деңгейде орын алады. Мемлекеттер арасында алауыздықтар туындату арқылы соғыстардың тұтануына ықпал етеді. Әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділіктің пайда болуына әкеледі. Қазақстандағы терроризмге қатысты: «терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды», –дейді «Жусан операциясы» кітабының авторы, саясаткер Ерлан Қарин. Террористер мен экстремистерге және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қатаң тыйым салынады. Мұндай қылмыстар үшін келесі жаза түрлері бар:
  • Терроризм актісі (жарылыс жасағаны, өртегені немесе адамдардың қаза болу қаупін туғызатын өзге де іс-әрекеттер жасағаны, елеулі мүліктік залал келтіргені), сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді жасау қатері үшін мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады;
  • терроризмді насихаттағаны немесе оған жария түрде шақырғаны үшін (аталған мазмұндағы материалдарды дайындағаны, сақтағаны немесе таратқаны) мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады;
  • террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдескені (ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, қайырмалдықтар, қайырымдылық көмек көрсету, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету не жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға қаржылық қызметтер көрсету олардың қызметінің террористік немесе экстремистік сипатын көрінеу түсінген адам жасаған) мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады;
  • экстремистік топ құрғаны үшін, сол сияқты оны басқарғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал экстремистік топтың қызметіне немесе ол жасаған қылмыстарға қатысқаны үшін мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады;
  • Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды жалдағаны немесе дайындағаны не қаруландырғаны үшін мүлкі тәркіленіп 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады;
  • террористік немесе экстремистік қылмыс жасау дағдылары мен дағдыларын игеруге бағытталған білім алушы үшін адамның, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде даярлықтан өтуі үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл күндері әлемге қаншама қауіп төніп тұр. Оның бірі – терроризм. Есіме бір қызық дерек түсіп тұр, 1963 жылы 8 маусымда Нью-Йорктегі Бронкс хайуанаттар бағында айна ілінген. Онда «сіз әлемдегі ең қауіпті жануарға қарап отырсыз. Ол бұрын-соңды өмір сүрген, сүретін жануарлардың ішіндегі ең қатыгезі. Ол жердегі бүкіл өмірді құртуға қабілетті» деген жазба қалдырған.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *